Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-де Қазақстан тарихы мен құқықтық білім негіздерінен олимпиада өткізілді

26 ақпанда «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы, зияткерлік жарысында өз білімдарлықтарын көрсетуді қалаған шығармашылық дарынды оқушылар  үшін олимпиада ұйымдастырып өткізді.   Олимпиада 10-11 сынып оқушылары арасында өткізіліп, Өскемен қаласының он бес мектебін біріктірді. Олимпиадаға қатысушы алпыс оқушы қазақ халқының тарихы мен құқығы жайлы терең білімдерін көрсетіп,  биік ой -өрістерін танытты.

Олимпиада  мемлекетіміздің  мерейтойы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды.  Оқушылар  Қазақстан Республикасының негізгі заңы  - Конституциясының қағидаларын өмірге енгізу үшін, өз халқының тарихы мен құқығының дамуын білудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.   

Оқушылар өздеріне көрсетілген қазақ халқының даму тарихына үлестерін қосқан әйгілі тұлғалардың портреттерін танып, тарихи деректермен жұмыс жасап, қазақ халқының жаңа және қазіргі заман тарихынан өте күрделі тестілік тапсырмаларды шешті. Оқушыларға тек зияткерлік тапсырмалар ғана қызғылықты болып қойған  жоқ, сонымен бірге үлгілі сот процессі де қызғылықты болды, оның барысында заңгер -студенттер прокурор, судья, адвокат, шағымданушы, жауапкер образына кіріп, өздерінің болашақ кәсіби шеберліктерін паш етті.

Сайыс қорытындылары бойынша ең көп балл жинағандар: Айтқазы Абылай (№10 мектеп-гимназиясы), Бөкенов Дидар (№44 орта мектеп). Олар ҚАЕУ –не оқуға түскен жағдайда оқуы үшін  50% жеңілдікке сертификаттар алды.

Екінші орынды   №15 орта мектептің оқушысы Оралғалиева Алина мен Гречаник Кирилл (№34 мектеп-лицейі) иеленді.   Оларға 40%  жеңілдік сертификаттары табыс етілді.

         Үшінші құрметті орын 30% жеңілдік сертификатымен Мамырбеков Нартай (№16 орта мектеп)  және Шмурыгина Аринаға (№11 школа-гимназия) бұйырды.

Олимпиадаға оқушыларды ертіп келген мұғалімдер арналып  біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды. Мұғалімдер гуманитарлық цикл пәндерін оқытуда инновациялық білім беру технологиялары саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тамара Барышева (ҚАЕУ  колледжінің  оқытушысы) тарих сабағы  үлгісінде рефлексия мысалдарына, тәсілдеріне, түрлеріне сипаттама беріп, сабақ кезеңі ретіндегі рефлексия рәсіміне назар аударды.  Елена Мацковская («№10 мектеп-гимназиясы» ҚММ мұғалімі)  қоғамдық цикл сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру шарты ретіндегі  формалды-логикалық ойлауды дамыту мәселесіне тоқталды.

Іс-шараның барлық қатысушылары Олимпиаданың барысы мен нәтижелеріне оң баға беріп, өз білімдерін тексеріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және Қазақстан-Американдық еркін университетіндегі жаңашылдық пен ғылым рухын ұғынуға  мүмкіншілік жасағаны үшін университет басшылығына алғыстарын білдірді.  

Гаврилова Ю.А.

 «Құқық және халықаралық қатынастар»

кафедрасының маеңгерушісі 

з.ғ.к.


Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru