Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін

25 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде VI халықаралық жас ғалымдардың «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» атты форумы басталды. Форум 25 -31наурыз аралығында өтті.

Форумның толық мәжілісінде ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтау сөз сөйледі.  Роджер Мартин(Associate Professor of Business; Chair, Department of Business, Warner Pacific College Ph.D. in Human and Organizational SystemsPortland, USA) «THE POWER OF BUSINESS TO CREATE POSITIVE SOCIAL CHANGE» тақырыбына байндама жасады. СтюартЧен(Ph.D., P.E., Associate Professor Emeritus, University at Buffalo, State University of New York Fulbright Senior Scholar and Visiting Prof., East Kazakhstan State Technical University 2015-2016) «DEFINING AND PROJECT-MANAGING RESEARCH TOPIC AND WRITING ABOUT IT»тақырыбына баяндама жасады.

 «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері  «БҰҰ үлгісі» атты рөлдік ойынды форумға қатысушылардың назарына ұсынды, онда төрт шетел тілін (ағылшын, испан, француз,орыс) үздік меңгергендіктері атап өтілді.

Сол күні Форум аясында мына бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтті:

Заңтану және халықаралық қатынастар мәселелері;

Құқықтану мәселелері;

Экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының өзекті мәселелері;

Қазіргі кезеңдегі экономикалық мәселелер;

Тілдер және оқыту әдістемесі мәселелері;

Шетел филологиясы және мәдениетаралық  байланыс мәселелері;

Гуманитарлық ғылымның даму тәжірибесі мен теориясы;

Педагогика және психология мәселелері;

Экология, математика және ақпараттанудың өзекті мәселелері.

Форум аясындағы секциялық отырыстардың қорытындылары бойынша оған қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru