Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Білім беру қызметкерлерінің өңірлік Форумы

29 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «“Мектеп–колледж–ЖОО жүйесіндегі инновациялар”: проблемалар және үрдіс» атты білім беру қызметкерлерінің өңірлік форумы болып өтті. Ол «Өрлеу»  ҰБАО АҚФ-мен бірлесіп өткізілді. Форум «2016-2019 жылдарға арналған білім дамуының Мемлекеттік бағдарламасының» негізгі қағидалары мен жаңа енгізілімдері мәнмәтініндегі білімнің өзекті теориялық және тәжірибелік проблемаларын талқылауды қарастырды.

Форум  өз жұмысын «Білім берудің үштілділігін енгізу: тәжірибе, проблемалар мен болашағы» атты Дөңгелек үстелден бастады, оның барысында   «2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім дамуының жол картасына» және «2015-2019 жылдарға ШҚО үштілділіктің дамуы жөніндегі кешенді жоспарына» сәйкес үштілділікке көшудің мәселелері белсенді түрде талқыланды.  Дөңгелек үстел тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ: ҚАЕУ 20 жыл бұрын көптілді мамандар даярлауды бастаған Республикадағы халықаралық серіктестіктің тұңғыш ЖОО болып табылады.

Қатысушылар алдында ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтау сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге ШҚО білім Басқармасының, Өскемен қаласы білім бөлімінің, «Шығыс» өңірлік орталықтың басшылары, ЖОО, колледж оқытушылары   және өңір мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстел спикерлері ретінде ҚАЕУ колледжінің директоры, п.ғ.к., доцент Марина Кикина; ШҚО бойынша «Өрлеу» ҰБАО АҚФ аға оқытушысы Айман Жаманқұлова;  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, ф.ғ.д., Амантай Жылқыбаева;  "Best" білім беру орталығының атқарушы директоры Айжан Құрманғалиева; ҚАЕУ халықаралық және көптілділік бағдарламалар Орталығының  директор Юлия Новицкая, M. Ed., сөз сөйледі.

Білім беру қызметкерлерінің өңірлік форум аясында отандық және шетелдік мамандардың  шеберлік сабақтары мен семинарлары,    «Мәдениеттану» пәнінен біріктіру курсы әдістемесін қолданып көрсету сабақтары, секциялық отырыстар өткізілді.

Іс-шара қорытындылары бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Форум жұмысына  Өскемен, Семей қалаларының, ШҚО  Ұлан, Глубокое, Көкпекті аудандарынан барлығы 230 мұғалімі қатысты.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru