Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ағылшын тілінен өңірлік олимпиада

IMG 006

2016 жылдың 2 сәуірінде  Қазақстан-Американдық еркін  университетінде  Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің  9-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен өңірлік олимпиада болып өтті. Оған қатысуға  Өскемен қаласы мен облыстың 63 мектебінен  236 оқушы тіркелді. Оқушыларды  75 мұғалім ертіп келді.

Қатысушыларға арнап ҚАЕУ ОЖмББ жөніндегі вице-президенті Галина Конопьянова құттықтау сөз сөйледі.

Олимпиада командалық сипатта болды, әр мектеп 4 қатысушы жібере алды.  Сонымен қатар олимпиада шарты бойынша оған қатысушы барлық мектептер 2 санатқа бөлінді– жалпы білім беретін орта мектептер және мектеп-гимназиялар (мектеп-лицейлер).

Олимпиада 2 кезеңде өтті.  I кезеңде оқушылар жазбаша мәтін орындаулары керек болды, олар 3 бөлімнен тұрды–тыңдалым, лексикалық-грамматикалық бөлімдер және оқу. Олимпиаданың II кезеңінде оқушылар сөйлеуден өз шеберліктерін көрсетілулері тиіс болды.

II  кезеңнен өтпеген олимпиадаға қатысушылар, сонымен бірге II кезеңде жүлделі орын алмаған командалар  олимпиадаға қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды. Жүлделі орын алған оқушылар орындарына сәйкес мадақтамалармен марапатталды. Жеңімпаздарға ҚАЕУ-де оқуға жеңілдік құқығын беретін сертификаттар табыс етілді.Жеңілдік мөлшері  тиісінше 1, 2 және 3 орын алғандарға 20%, 15% және 10% құрады. Жеңімпаз атанғандар:

Мектеп-гимназиялар (лицейлер)

 

Командасы (мектеп)

Орын

ШҚО білім басқармасының  «Дарынды балаларға арналған № 34 арнайы мектеп-лицейі» ҚММ

1

ШҚО білім басқармасының «Математика, физика, ақпараттану саласында дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-лицейі» ҚММ

2

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 38 мектеп-гимназиясы» ҚММ

3

Жалпы білім беретін орта мектептер

Командасы (мектеп)

Орын

ШҚО білім басқармасының «Шәкәріматындағы ЖББОМ» ҚММ

Семей қаласы

1

Өскемен қаласы әкімдігінің«№ 46 орта мектебі» ҚММ

2

Курчатов қаласы әкімдігінің«№ 3 орта мектебі» ҚММ

3

 Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері сонымен бірге ҚАЕУ шетел тілдері кафедрасымен бірлесіп олимпиада ұйымдастырушылардың бірі ретінде болған «EducationFirst» Халықаралық тіл мектебінен сертификаттармен марапатталды. Бұл сыйлық сертификаттары 1, 2 және 3 орындар үшін «EducationFirst» Халықаралық тіл мектебінің тілден білімдік бағдарламаларына жеңілдіктер береді.

Өңірлік олимпиада аясында мұғалімдерге арналып «SuccessfulInstructionforEnglishLanguageLearning» тақырыбына әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарды АҚШ-нан келген ағылшын тілінен сертификатталған оқытушы Кэтлин Хайд («Co-ServeInternational» ұйымы) жүргізді. Семинар соңында қатысқаны үшін мұғалімдерге сертификаттар табыс етілді.


Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru