Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Educare» (Сингапур) өкілдерінің ҚАЕУ-не сапары

6 – 9 сәуір   аралығында «Educare» компаниясының  (Сингапур) өкілдері Шығыс Қазақстан облысында өз бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндіктеріне талдау жасау үшін,  халықаралық серіктестік Қазақстан-Американдық еркін университетінде  болды (Майк Тируман –Сингапур мұғалімдер Одағының  Президенті (STU), EducareCo-operativeLimited бас директоры, KAGAN сертификатталған жаттықтырушысы, Джон К.Максвелл Көшбасшылық Бағдарламасының үйретуші және сертификатталған жаттықтырушысы. Лилия Мухаметшина – «Educare»-нің ТМД елдеріндегі өкілі.YEOTIONGHUI – «Educare» -нің стратегиялық дамыту аға атқарушы директоры).

Сапар аясында  Educareс өкілдерінің ШҚО әкімдігінің өкілдерімен, ШҚО білім басқармасының, Назарбаев зияткерлік мектебінің және басқаларының басшыларымен бірқатар кездесулері болып өтті.

7 сәуірде ШҚО білім беру ұйымдары басшыларымен кездесулері болды. Кездесуді ШҚО білім басқармасы мен Өскемен қаласы білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге  135  адам қатысты: «Шығыс өңірлік орталықтың», Өскемен қаласы білім бөлімінің, «Өрлеу» БАҰО АҚФ басшылары, ШҚО колледж, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары.

Қатысушыларға ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Ә.Мәмбетқазиев  құттықтау сөз сөйледі.

– ҚАЕУ-нің мектеп басшылары, мұғалімдермен өзара қимылы соңғы жылдары жүйелі сипат алуда, одан біздің ортақ ісіміз–шығысқазақстандықтардың білім беру саласы ұтуда–деп атап өтті Ережеп Әлхайырұлы. – Сіздердің түсіністіктеріңіз бен қолдауларыңызға,   жемісті ынтымақтастыққа даярлықтарыңызға ризашылығымды білдіргім келеді.

Кездесу аясында «Educare» компаниясының  және де ҚАЕУ-нің негізгі шетелдік серіктесі – «Co-ServeInternational»-дың кәсіби даму бағдарламаларының таныстырылымы  болып өтті. Кездесуге қатысушылар «ҚР білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» негізгі қағидалары мен жаңа енгізілімдерін жүзеге асыру үшін күш-жігерлерін біріктіру қажеттілігін атап өтті.

Кездесу соңында, білім беру мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында,  Educare (Сингапур)   және Қазақстан-Американдық еркін университеті (Қазақстан) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru