Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Educare» (Сингапур) компаниясының тренингі

2016  жылдың 8 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде  «Educare» консалтинг компаниясының (Сингапур) өкілдері «XXI ғасыр үшін оқытуды қайта өзгерту» атты тренинг өткізді.

Тренингке ҚАЕУ оқытушылары және Өскемен, Семей қалаларының, сонымен қатар   ШҚО Глубокое, Ұлан және Шемонаиха аудандарының 30 мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Тренинг сыни ойлау; проблемалық оқыту; белсенді оқыту; саралап оқыту салаларында әдістемені  меңгеруге және креативтік ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.

–біздің үйретуші технологиялардың мақсаты:  сылбыр оқушылардан XXI ғасырдың құштар білім алушыларын жасау. –деп атап өтті «Educare» жаттықтырушысы Лилия Мухаметшина.

Іс-шара соңында қатысушылар халықаралық сертификаттар алды.

Тренингке қатысқан педагогтар оның маңыздылығын жоғары бағалап,  өз қызметтері үшін әдістемелік құндылығын ерекше атап өтіп, «Educare» компаниясына алғыстарын білдірді.

Тренингке қатысушылардың пікірлерін есепке ала отырып, ҚАЕУ басшылығы, «Educare» өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, университет базасында   «Educare» -нің кәсіби дамыту тренингтерін ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге келді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru