Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ШАХМАТ ПЕН ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚТАН ҚАЕУ БІРІНШІЛІГІ

2016 жылдың  6 сәуірінде  XIII Спартакиада аясында шахмат пен  тоғыз құмалақтан Қазақстан-Американдық еркін университетінің біріншілігі болып өтті. Жыл өткен сайын студенттердің аталмыш спорт түріне деген қызығушылықтары едәуір артып келеді. Жарысқа ҚАЕУ, Өскемен ЭҚК және ҚАЕУ колледжі командалары қатысты.

ШАХМАТТАН жарысқа команда құрамына екі ер бала мен қыз бала кірді. Қорытындылар бойынша барлық үш команда да бір ұпайдан жинады. Партиялардың жалпы 4 – 1есебі бойынша, бірінші орынды Өскемен ЭҚК командасы жеңіп алды; екінші орынға партиялардың жалпы 3 – 3 есебімен  ҚАЕУ колледжі командасы иеленді; ал партиялардың жалпы 2 – 4 есебімен  үшінші орын ҚАЕУ командасы еншісіне тиді.

Ер балалар арасында жекелей біріншілікте:

1 орынды Әлімжан Аманжанов(ҚАЕУ) жеңіп алды – 3,5 ұпай.

2 орын – Кешат Идаятұлы(ҚАЕУ колледжі) – 3 ұпай.

3 орын – Евгений Троценко (ӨК ЭҚК) – 2,5 ұпай.

Қыз балалар арасында жекелей біріншілікте:

1 орынды Татьяна Качур (ҚАЕУколледжі)  жеңіп алды– 3 ұпай.

2 орын – Алина Циглер (ӨКЭҚК) – 2 ұпай.

3 орын – Қырмызы Зайтын (ҚАЕУ)– 1ұпай.

ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚТАН  жарыста команда құрамына да екі ер бала мен қыз бала кірді. Командалық есепте құрметті 1 орынды ҚАЕУ командасы жеңіп алса, 2 орынды ҚАЕУ колледжі командасы иеленді, ал 3 орын ӨК ЭҚК студенттері еншісінде.

Ер балалар арасында жекелей біріншілікте:

1 орын – Әзім Еркінов(ҚАЕУ);

2 орын – Сырым Советов (ҚАЕУ);

3 орын – Бекжан Өмірбеков (ҚАЕУ колледжі).

Қыздар арасында:

1 орын – Жанар Серікқызы (ҚАЕУ колледжі);

2 орын – Мөлдір Жазитова (ӨКЭҚК);

3 орын – Жайдары Әділбекова (ҚАЕУ).

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru