Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Чистяков оқулары– 2016

IMG 001

2016 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде  жыл сайынғы  Михаил Чистяков және өңірлік авторлардың шығармашылықтарын зерттеуге арналған «Чистяков оқулары» атты Өңірлік семинар болып өтті.

Бұл жыл «Чистяков оқулары» үшін мерейтойлық болып табылады. Осыдантура он жыл бұрын ҚАЕУ, дәлірек айтқанда оның президенті,  ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев  аталмыш семинарды өткізудің бастамашысы болды. Ұымдастырушылар мен мәнерлеп оқушылар Шығыс Қазақстан мәдениеті мен әдебиетін сақтау, насихаттау мен дамытуын өз жауапкершіліктеріне алды.

Іс-шараның ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтау сөз сөйледі. Ол «Чистяков оқулары» бұл жылы республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында өтіп жатқанын, оның жетістіктерінің бірі толеранттық пен ұлтаралық келісім екенінатап өтті. Омар Ж.М. сонымен қатар университеттің облыс мәдениеті мен білімін дамытудағы маңызды рөлін атап, семинарға қатысушыларға табыс тіледі.

 Семинарға ақындар, жазушылар, облыс пен қала  колледждерінің, мектептерінің  оқушылары қатысты. Семинар аясында мәнерлеп оқушылар байқауы өткізілді. Әділ қазылар алқасы өлеңдердің тамаша оқылғандарын атап өттті, барлық қатысушылар жан, жүрек рахаты, зият пен шеберлік мерекесіне кеңелді. Семинардың екінші бөлімінде шеберлік сыныптары мен секциялық отырыстар өтті.

Университет кітапханасында Михаил Чистяковтың шығармашылығы мен өңірлік авторлардың мұрасына арналған тұрақты жұмыс істейтін көрме-экспозиция ашылды. 

Мәнерлеп оқушылар байқау қорытындылары бойынша, алған орындары мен аталымдар жеңімпаздарына мадақтамалар тапсырылып,  секциялық отырыстарға қатысушыларға  мадақтамалар мен алғыс хаттары табыс етілді. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru