Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыру

2016 жылдың 6 сәуірінде ҚАЕУ-де Қазақстан Республикасы мемлекеттік істер жөніндегі Министрліктің Қазақстан Республикасы мемлекеттік істер жөніндегі Департаментінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Марат Қожахметовтың   қонақтық дәрісі болып өтті.

Марат Сұлтанұлы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңдардың ережелерін түсіндіріп, қатысушыларды ҚР Президентінің «2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы туралы» Жарлығымен таныстырды. Ол өз сөзінде Департаменттің қызметіне жан-жақты сипаттама жасап, Министрлікті қайта құру және де өз аумақтық органының құзіреті жайлы айтып берді.  

         Қонақтық дәріс соңында Марат Сұлтанұлы  студенттер мен оқытушылардың сауалдарына жауап беріп, университеттің ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  стратегиясын жүзеге асыруға белсене қатысып отырғаны үшін  университет басшылығына алғыс білдірді. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru