ҚАЕУ-де ШҚО спортшыларымен кездесу

2016 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттердің ШҚО Жекпе-жектің атақты спортшыларымен кездесуі болып өтті.

Өскемен қаласы әкімдігі дене шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы Алмас Атаев, ШҚО Жекпе-Жек Федерациясының Президенті Тимур Оразов және халықаралық санаттағы төреші Владимир Рымарев құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу аясында спорт шеберлері, ҚР Чемпиондары: Диас Ерланұлы, Сымбат Есімбаев, Эльёр Юнусметов, Талант Сейітбеков, Раджан Абулқасымов, Асылбек Смайылов студенттерді ұлттық– «Жекпе-Жек» спорт түрімен таныстырды. Қазақстан үшін бұл жаңа спорт түрі  болып табылады, спортшылар айтқандай спорттың ойын түрлерімен салыстырғанда жарақат алу жағынан қауіпті саналады.

Студенттер сауалдар қойып белсенділік көрсетті және оған жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер алды.