Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

OPENEVENING

ашық зияткерлік кеші    

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигіЕрежеп Мәмбетқазиев «Openevening» зияткерлік кешіне қатысушылар атына құттықтау сөз сөйледі. Жас дарындар кеші жұма күні Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті. Бүгінгі күн бізден ғылыми-инновациялық қызметке нәтижелі,пәрменді қатысуымызды талап етеді. – деп атап өтті Ережеп Мәмбетқазиев. – Мұғалімдердің тәлімгерлігімен мектеп қабырғасының өзінде ғылымға араласу, нағыз ғылымның не екенін, одан не күтуге болатынын, ғылым жетістіктерді іс жүзінде қалай қолдануға болатынын сезіндіре алады.

Назарбаев ЗМ және ҚАЕУ арасындағы серіктестік мектептің құрылған күнінен бастап тиімді дамып отыр. Таяудағы болашаққа нақтылы ұсыныстарды ҚАЕУ колледжінің директоры Марина Кикина баяндап берді. Бұл мұғалімдерге арналған жазғы тіл мектебі, оқушылар мен студенттер үшін жазғы және қысқы мектептер, халықаралық тіл орталықтарында оқыту (Малайзия, Кипр, Филиппин), бірлескен дөңгелек үстелдер, үштілдік білімді енгізу мәселелері бойынша семинарлар мен форумдар.

 «Openevening» зияткерлік кеші аясында түнгі  шоу, биология мен  химиядан стендтік ғылыми жобаларды қорғау, Назарбаев Университетінің оқытушысы Арнат Балабиевтің «Қатерлі ісікті болдырмау әдістері және ұзақ өмір сүру» атты дәрісі болып өтті.

Ережеп Әлхайырұлы жас дарындардың жобаларына зор ынта білдіріп, өз кеңестерімен бөлісті.

        ҚАЕУ ақпарат қызметі

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru