Студенттік көктем– 2016

IMG 001

2016 жылдың  22 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде  жыл сайынғы  «Студенттік көктем– 2016» байқау-конкурсы болып өтті. Тақырыпнамасы  «Халықтар бірлігі» деп жарияланды.

Бұл жылы университет студенттерімен бірлесіп, ҚАЕУ колледжі мен ӨК ҚЭК студенттері де қатысты. Жүргізушілер Алмас Ерліков («Шетел тілі:екі шетел тілі», 2 курс) пен Мәдияш Мұратова («Психология», 1 курс) жағымды көңіл-күй туғызып, байқауды жүргізді.

Финалға он алты нөмір ұсынылды, әр өнер көрсетуін қазылар алқасы жоғары бағалады. Қатысушылар жарқын да, әртүрлі өнерлерімен ерекшеленді.

Қазылар алқасы студенттердің даярлық деңгейіне таң қалысты. Байқау қорытындылары бойынша аталымдар белгіленді:

«Үздік би нөмірі» аталымы –Сара Ұқтамжанова, «Заңтану», 2 курс (ҚАЕУ колледжі);

«Үздік вокалдық  нөмір» аталымы –Серік Мұратов, «Халықаралық қатынастар», 3 курс (ҚАЕУ);

«Креатив» аталымы – «Сэбайн» тобы (ҚАЕУ);

«Көрермендер таңдауы жүлдесі»  аталымы –Алмас Ерліков, «Шетел тілі:екі шетел тілі», 2 курс (ҚАЕУ).

Жеңімпаздарға аталымдарда мадақтамалар және тәтті жүлделер табыс етілді.