Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ - Мәскеу қаласындағы БҰҰ Үлгісіне қатысушы

БҰҰ Үлгісі– бұл әсерлі рөлдік ойын,  оның барысында студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының жұмысын қайталап көрсетеді.

БҰҰ Үлгісіне қатысушылар– делегаттар, төрағалар, бақылаушылар мен сарапшылар– БҰҰ мүше елдерінің және оның комитеттерінің күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылау үшін конфренцияға келген халықаралық ұйымдар мүшелерінің ресми өкілдері рөлінде болады. Әр комитеттің түпкі мақсаты — осы мәселе бойынша резолюция қабылдау.

Бұл жылы аталмыш үлгі 17.04.16жыл - 22.04.16 жыл аралығында Халықаралық қатынастар Мәскеу мемлекеттік институтында (ХҚММИ),  Мәскеу қаласында өтті. Рөлдік ойынға әлемнің 41 елінен 645 делегат қатысты,соның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Біздің елімізден Қазақстан-Американдық еркін университеті «Халықаралық қатынастар»  мамандығының 2 курс студенті Ларионова Юлия қатысты.

- Мен Бас Ассамблеяның III Комитеті жұмысына қатыстым, ол апат қауіптілігін азайту Халықаралық стратегиясын (3GADisasterRiskReduction) әзірлеу мәселесі бойынша жұмыс істеді – дейді Юлия.

Ол бұл бағдарламаға қатысу, нақтылы елдің ресми өкілі рөліне кіріп, БҰҰ органдарының жұмысын ішінен көрудің бірегей мүмкіншілігі екенін атады.Бұл сонымен қатар, өзіңнің ағылшын тілін меңгеру деңгейіңді жақсартып, пайдалы дағдылар мен білім жинау мүмкіншілігі болды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru