Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Қазақстандағы толеранттық: достық пен төзімділік» пікірталас сайысы

2016 жылдың 27 сәуірінде Халықтар достығы Үйінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде: «Қазақстандағы толеранттық:достық пен төзімділік» тақырыбына пікірталас сайысы болып өтті. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналып, сонымен қатар үштілділіктің дамуын жетілдіруге және жастардың отаншылдық сезімін қалыптастыруға бағытталды.

Пікірталасқа ҚАЕУ мен Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ студенттерінің командалары қатысты. ҚАЕУ командасы екі адамнан тұрды: Александр Штыков (2 курс,Шетел тілдері: екі шетел тілі) және Мария Григорьева (3 курс, Шетел тілдері: екі шетел тілі), олар өз университеттерінің намысын абыроймен қорғап, қойылған міндеттерді өте жақсы орындап шықты.

 - Өткен пікірталас,  - бұл тек өзіңнің шешендік және пікірталас жүргізу шеберлік қасиеттеріңді ғана емес, сонымен бірге өз елің және өз халқың үшін шындығында өзекті  мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіруге тамаша тұғыр болып табылады– деп Александр Штыков өз әсерлерімен бөлісті. -  Бұл өзіңнің жеке дүниетанымыңның қалыптасуына, ойлау ауқымына оңды ықпал ететіні анық.  Мен ҚАЕУ-ге және іс-шараны ұйымдастырушыларға осы пікірталасқа қатысу мүмкіндігін бергендеріне өте ризамын.

Іс-шара соңында қатысушылар сертификаттар мен  дипломдар, сонымен қатар ұйымдастырушылардан ақшалай сыйлықтар алды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru