Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-дегі ашық есік күні

2016 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде 11сынып түлектері мен олардың ата- аналары үшін Ашық есік күні өтті.  Кездесудің басты мақсаты – түлектерге оқу орны мен болашақ мамандық таңдауға көмектесу.

Оқушылар үшін оқу ғимаратында экскурсия жүргізіліп, Қазақстан-Американдық еркін университеті жайлы фильм көрсетіліп, факультеттер мен мамандықтар жайлы ақпараттық бүктемелер  ұсынылды.

«Бизнес,құқық және педагогика» факультетінің деканы Галина Мензюк және  ҚАЕУ студенттері университет таныстырылымын өткізіп, ЖОО басты артықшылықтары, оқу бағдарламалары мен халықаралық бағдарламалар, ҚАЕУ-де оқу артықшылықтары, гранттар, студенттік бірлестіктер жайлы әңгімеледі. «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, «Дене шынықтыру және спорт» бағытының жетекшісі  Виктор Цыплаков спорттық жетістіктер мен іс-шаралар жайлы айтып берді.

Кездесу аясында оқушылармен зияткерлік ойын өткізіліп, жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтар алды.   

Жалпы іс-шарадан соң талапкерлер үшін әр кафедра бет-бейне іс-шараларын даярлады, мұнда оқушылар таңдаған мамандық жайлы көбірек біліп, оқытушылармен сұхбаттасуға мүмкіндік алды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru