Халықаралық құқықтық олимпиада

2016 жылдың 22 сәуірінде Г.В. Плеханов атындағы РЭУ Өскемен  филиалында заңгер мамандығы студенттері арасында халықаралық құқықтық олимпиада өтті.

 Олимпиадаға 4 ЖОО қатысты: Қазақстан-Американдық еркін университеті, Г.В.Плеханов атындағы РЭУ Брянск филиалы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Г.В. Плеханов атындағы РЭУ Өскемен филиалы.

Олимпиада қорытындылары бойынша Қазақстан-Американдық еркін университеті студенттерінің командасы жеңімпаз атанды.  Оның құрамына кіргендер: Сәкен Әпендинов (Заңтану,4курс), Ляззат Хайруллина (Заңтану, 4 курс), Дана Таубақұлова (Заңтану,4курс), Виктория Александрова (Заңтану, 3 курс).