Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ШҚО мамандандырылған экономикалық сот өкілдерімен кездесу

2016 жылдың 29 сәуірінде ҚАЕУ және ШҚО мамандандырылған соты арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында, Кеңсе меңгерушісі  Сәбит Тұратпаев «Заңтану» мен «Кеден ісі» мамандықтарының екінші және үшінші курс студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында Сәбит Шыңғысұлы сот тарихы, сонымен бірге ҚР Жоғарғы Сотының азаматтардың әділ сотқа қол жетімділігін оңайлатуға бағыттап жүргізіп отырған реформалары жайлы айтып берді.  Үш сатылы сот жүйесінің қызмет етуі, шағымдық сатыны Жоғары Сотқа беру, азаматтық іс жүргізу заңнамасы, «Сот кабинеті» функционалының жаңа мүмкіндіктері, сонымен қатар қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселелері ашып көрсетілді. Кеңсе меңгерушісі студенттерді азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде тергеуші соттардың өкілеттіліктерін одан әрі кеңейтудің негізгі бағыттарымен таныстырды.  

Кездесу соңында студенттер қонаққа қызғылықты және өзекті ақпарат бергені үшін  алғыстарын айтып, ал бірнеше студент Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық соты қабырғасында кәсіби  іс-тәжірибеден өтуге ниеттерін білдірді.  

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru