Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Әлеуметтік ғылымдар өкілдері үшін зерттеу дизайнына қысқаша экскурс

IMG 001

2016 жылдың 13 мамырында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Әлеуметтік ғылымдар өкілдері үшін зерттеу дизайнына экскурс» тақырыбына семинар болып өтті, оны Әлия Құжабекова өткізді, PhD, Білім Жоғары Мектебі, Назарбаев Университеті.

Семинар аясында тыңдаушылар, батыс зерттеушілері арасында ерекшеленетін, қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеу жобалары дизайнының негізгі қырларымен танысты.  Семинар сапалық және сандық тәсілдеме арасындағы айырмашылық, зерттеу проблемасы мен мақсаты, зерттеу мәселесі, әдебиетке шолудың мақсаттары мен құрамдасы, зерттеудің теориялық негізі, зерттеуге қатысушыларды іріктеу тәсілдері, деректерді жинау және талдау әдістері, зерттеудің этикалық қырлары және нәтижелерін талқылау сияқты тақырыптарды ашып көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

          Семинарға ҚАЕУ және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары қатысты.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru