Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ – ҮШТІЛДІЛІКТІҢ БАСТАУ АЛАҢЫ

- Мен ҚАЕУ-не алғашқы рет келдім, Ережеп Әлхайырұлына және бүкілұжымға осындай ерекше университетпен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет айтамын. Студенттер мен оқытушылардың жылы шырайлық рухы елжіретті. Ал күткендей, іс жүзіндегі көптілділік көрсеткіші таңдандырады. Бұл ҚАЕУ-не бүгінде осы негізгі қазақстандық білім бағдарламасын жүзеге асыруда бастау алаңы болу құқығын береді. Елімізде бұл жаңа ғана басталып отыр, ал сіздер болсаңыздар оны толық орындауға қазірдің өзінде дайынсыздар…

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев өткен сенбі күні ұжым алдында осындай жоғары бағамен өз сөзін бастады. Кездесу 14 мамырда оқу дәрісханалары, компьютерлік орталық, мұражайға экскурсиядан кейін болды…Студенттер мен оқытушылар 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын және 2016-2020 жылдарға арналған үштілді білімді дамытудың Жол картасын жүзеге асырудың көптеген   мәселелері бойынша сауалдар қойып, оларға жауап ала алды.   

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев өз құттықтау сөзінде мынаны атап көрсетті: көптілділік – құрылғанының алғашқы күндерінен бастап ҚАЕУ қызметінің бағдарланған бағыты. Тиісінше, жиырма жылдан астам қызметінде ЖОО көптілділік бағдарламаларды жүзеге асыруда құнды тәжірибе жинады.

«Тілдердің үштұғырлығы» стратегиясын университеттің ойдағыдай жүзеге асырудағы негізгі параметрлері қандай? Университет     вице-президенті  Галина Конопьянова   атап өткендей, көптілді кадрларды ойдағыдай даярлауға келесі негізгі басымдықтар есебінен қол жеткізіледі. Мәселен, жыл сайын оқу үдерісіне 40-тан астам шетелдік серіктестер - АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Австралия университеттерінің оқытушылары, тәжірибелі менеджерлері, заңгерлері, банкирлері, бизнесмендері қатысады.  Бұл барлық мамандықтар студенттеріне тіл иелерімен тікелей қатынаста ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндік береді. Студенттерге АҚШ серіктес- университеттерінде негізгі оқу пәндерін қашықтықтан оқып-үйренуге мүмкіндік жасалған. Американдық бағдарлама түлектеріне  қазақстандық және  американдық  дипломдар беріледі.

Бүгінде ҚАЕУ оқытушылары мен басшыларының 40 пайызы ағылшын тілін меңгерген, оқытушылардың 31 пайызы сабақтарды тілдік емес пәндер бойынша жүргізеді. 2017 жылдың соңына бұл көрсеткіш 51% дейін жетеді, мұның өзі Жол картасына сәйкес республика бойынша  белгіленген межеден әлдеқайда жоғары.

ҚАЕУ-нің 2,6 мың студенттерінің 15 пайызы ағылшын тілін еркін меңгерген, қалғандары біріктіріліп оқыту әдісі негізінде пәнді оқып -үйренуге даяр. Тілді білу ҚАЕУ түлектеріне шетелдік қатысуымен ірі отандық  кәсіпорындар мен компанияларда, көптеген шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік органдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 ҚАЕУ ақпараттық орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru