Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Терроризмнің алдын алу

2016 жылдың  17 мамырында Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттерімен Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар аясында мемлекеттік діни саясат, терроризмнің алдын алу жайлы әңгіме өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы дін істері жөніндегі басқармасының «Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу Орталығы» ҚММ  діни ахуалды зерттеу мен мониторингті талдау бөлімінің меңгерушісі Ольга Гайко студенттерге  экстремизм мен  терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, облыстағы діни жағдайдың жалпы көрінісін ашып көрсетті.

Антитеррористік орталықтың өкілі Валерий Скосарев терроризм әрекетінің қаупі  төнген кезде қимылдау дағдыларына үйрену жайлы айтып берді.

Студенттерге аталмыш тақырыпта бейне ролик көрсетілді. Кездесуде болған студенттер талқыланған мәселелер бойынша көптеген сауалдарға толық жауаптар алды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru