Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Даладағы ғылым

ҚАЕУ ғалымдары жаңа технологиямен картоп, күздік бидай және арпа тұғымын отырғызды.

ҚАЕУ ғалымдары ұсынған полимерлік  реагенттерді  қолданып, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі базасында17 мамырда ауыл шаруашылық дақылдарын эксперименттік отырғызу жүргізілді.

Картоп, күздік бидай және арпаның тұқымдары жаңа технология бойынша «Агрономия» мамандығының бірінші курс студенттері арнайы бөлінген эксперименттік телімдерде отырғызды. Отырғызу колледж директоры У.Оспанованың, оның орынбасары В.Крикуненконың және де М.Жексенаеваның жетекшілігімен жүргізілді.

Отырғызу барысында ғылыми кеңесті ҚАЕУ ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Раушан Мәмбетқазиева мен Құралай Сакарьянова берді. Жұмыс қол қойылған ынтымақтастық жайлы Меморандум аясында жүргізіледі және студенттерге мамандық бойынша қосымша дағдылар алуға мүмкіндік береді.

ҚАЕУ ақпарат орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru