Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттер ҚАЕУ президентімен кофе ішіп отырып, университет өмірі мен жоспарлары жайлы әңгімелесті

Гаухар Даманова, Қанат Сағидолдин, Рамиль Кабдуалиев, Алеся Филимонова, Екатерина Давиденко әр мамандық бойынша,   әр курстарда оқиды, алайда бәріне ортақ қасиет – қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгергендерінде.

Президент студенттермен өмір жайлы, ата –аналар және де, әрине, оқу мен болашаққа жоспарлары жайлы әңгімелесті. Оған қоса, Ережеп Әлхайырұлы өз жастық шағының тәжірибесімен ынтамен бөлісті, пайдалы кеңестер беріп, нәтижелерге қол жеткізуді ұсынды– міне алыстағы Астрахань облысының (Ресей) шалғайдағы Калинино ауылының тумасы, қазіргі уақытта академик, егемен Қазақстанның тұңғыш Білім және ғылым министрінің өмірдегі басты ұстанымы осындай. Міне 32 жылдан астам уақыт ол тұрақты түрде  ЖОО бірінші басшы қызметін атқаруда.

Студенттер ынтамен болашаққа жеке жоспарларымен және өмірді жақсарту идеяларымен  бөлісті. Кейбіреулері диплом қорғап, кейіннен астанада, тіпті шетелде көзге түсуді ойлайды. Ал  енді біреулері ауылға оралып, жыл сайын оқуға ниет төмендеп бара жатқан мектепте тәртіп орнатуды міндет еткен.  

ҚАЕУ ақпарат орталығы 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru