Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚР Жер кодексіне өзгерістер жөнінде ақпараттық - түсіндіру жұмысы

2016 жылдың 23 мамырында   Қазақстан-Американдық еркін университетінде 170 1-3 курс студенттерінің «ШҚО жер қатынастары басқармасы» ММ өкілі - Р.А. Кенжебаевпен және «ШҚО жерді қорғау және пайдалануды бақылау жөніндегі басқармасының» өкілі - Е.Б. Күмпеисовпен кездесу болып өтті. Жер қатынастары жөніндегі уәкілеттік органдардың мамандары, ҚР Жер кодексіне ағымдағы жылдың сәуір айында енгізілген өзгерістер жайлы түсіндіру сұхбатын өткізді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сату жайлы мәселеге түсініктеме бере келе, Басқарма заңгері  Кенжебаев Р.А., әңгіме бұл санаттағы жерді ағылшындық әдіспен аукционда тек қана Қазақстан Республикасы азаматтарына  сатылатыны  жайлы екенін ерекше атап өтті.  Аукцион арқылы сатқандағы жер телімінің бағасы,  жер телімінің кадастрлық (бағаланған)құнын өсіруді қарастыратын нарықтық құн бойынша анықталатын болады. Оған қоса, егер екі аукцион қорытындылары бойынша телім сатылмаса, онда ол телімнің бағасын кадастрлық құнынан белгіленген ең төменгі шегіне дейін  түсіруді қарастыратын аукционға қойылады. (кадастрлық құнынан 50 пайыз). 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24- бабының 1-тармағына сәйкес, шетелдіктер және де жарғылық капиталдағы шетелдіктердің үлесі елуден артық пайызды құрайтын заңды тұлғалар, ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімдеріне жиырма бес жылға дейін жалға алу шарттарында, жерді тек уақытша пайдалану құқығына ие бола алады, - деп баса айтты «ШҚО жерді қорғау мен пайдалануды бақылау жөніндегі басқармсы» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Күмпеисов Е.Б..

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru