Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ақ жол болсын, студент!

Қыркүйектің алғашқы күні ҚАЕУ бас ғимаратының алдында «Білім күніне» арналған дәстүрлі салтанатты жиын болып өтті. Оған қатысушылар үш тілде сөйледі. 

ҚАЕУ негізін қалаушысы және Президенті  ҚР ҰҒА  академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтау сөзінде, бүгінгі әлемдік даму жағдайында көп тілділіктің маңызын атап өтті. Осы стратегияны жүзеге асыруда, ҚАЕУ елдің    көптеген ЖОО арасында алдыңғы қатарда. Оқу үдерісі щетелдік серіктестердің қатысуымен өтеді, ал студенттердің іс-тәжірибені шетелдерде өткізуге мүмкіншіліктері бар.

        Университет түлектері  атынан  білім күнімен, аға оқытушы, PhD докторанты Айжан Құрманғалиева құттықтады.

       Мінбе жанында жоғарғы курс  студенттері мен  магистранттары:

  •         Владислава Васильченко, «Алтын Белгі» иегері, ағылшын тілінен Халықаралық олимпиада жүлдегері, АҚШ-ғы іс-тәжірибе бағдарламасына қатысушы.
  •         Мария Григорьева, ағылшын тілінен Халықаралық олимпиада жүлдегері, АҚШ-ғы  іс-тәжірибе бағдарламасына қатысушы, ҚР Президенті стипендиясының иегері.
  •         Юлия Ларионова,  Мәскеудегі«БҰҰ Моделі» бағдарламасына қатысушы, АҚШ-ғы «SUSI» бағдарламасына қатысушы.   
  •         Иван Лабуков, «Тіл дарын» олимпиадасы бас жүлдесінің иегері.
  •         Қанат Сағидолдин, АҚШ-ғы  іс-тәжірибе бағдарламасына қатысушы.

                 Бірінші курстықтар атынан мерекеге қатысушыларды            «Заңтану» мамандығының студенті (американдық бағдарлама) Әйгерім Бектұрғанова құттықтады.    

ҚАЕУ колледжінің директоры Марина Кикина білім алушылардың одан әрі өсу мен даму келешегін  ашып көрсетті. Мұны өз сөздерінде  колледждің бірінші курс студенттері Ирина Баяндинова мен ОльгаЛарионова растады.

Мерекені Раджан Қадырбеков пен  Ангелина Крюкованың музыкалық  нөмірлері жайнатты.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru