Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-де ғалымдар мен мамандар ТАЗАЛЫҚ ПЕН ШЫҒЫМДЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН талқылады

Талқылау, 2016 жылдың 16 қыркүйегінде «КНТП» АҚҰ   президенті, химия ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі  Федор Лобановпен (Ресей, Мәскеу) кездесу аясында өтті.

Баяғыдан серіктесі мен досын, кездесуге қатысушыларды ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтап, сөз сөйледі.

         Кездесу жұмысына облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы директорының орынбасары Ришат Адамов, «ЖасылқұрылысKZ»  ЖШС директоры Владимир Езенок, «Экологиялық қауіпсіздік Орталығы» ЖШС директоры Геннадий Корешков, облыстық ауыл шаруашылық колледжі директорының орынбасары Виктор Крикуненко, «Құрмашев» шаруа қожалығының басшысы Кемелжан Құрмашев   және басқалары қатысты.

Мәскеуден келген ғалым Федор Лобанов үлкен  мегаполистерде ауа бассейнін және ағын суларын тазарту жөніндегі инновациялық технологияларды қолдану,  тазартқыш ғимараттарда зиянды иістер проблемаларын шешу жөніндегі тәжірибемен бөлісті. Ерекше назар, өсімдіктерді отырғызудың сыналған технологияларына және ауыл шаруашылығын интенсивтендіруге аударылды.

Өсімдіктерге ыстыққа төзуге көмектесетін және тамшылатып суаруға балама болатын гидрогелді қолданып, астық өнімділігін қалай арттыруға болады? Осыған орай биылғы жазда жүргізілген эксперимент нәтижелерімен, ҚАЕУ ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы, химия ғылымдарының кандидаты   Раушан Мәмбетқазиева бөлісті.

Талқыланған мәселелер бойынша  қызу пікір алысулар  болып, ұсыныстар жасалды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru