Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ньютон–әл-Фараби: Даму және өзара іс-қимыл бағдарламасы

BritishCouncil және «Ньютон – әл-Фараби» АҚ «Ғылым қоры» серіктестік бағдарламасы аясында 2016 жылдың 22-23 қыркүйегінде ҚАЕУ кәсіптік даму және өзара іс-қимыл Орталығы «Менеджмент және зерттеу жобаларын басқару» (“ResearchmanagementandAdministration”) тақырыбына тренинг-семинар өткізді. Семинарға қатысушыларды және жаттықтырушылар Тару Митчелл мен  Амос Фатокунды ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтап сөз сөйледі.

ҚАЕУ Қазақстанда кәсіптік даму және өзара іс-қимыл Орталықтарын құру базаларының бірі болып табылатыны белгілі.  Орталық қызметінің негізгі бағыты - қазақстандық зерттеушілердің ғылыми-зерттеу қызметі мен біліктілігін арттыруды қолдау.

ҚАЕУ кәсіптік даму және өзара іс-қимыл Орталығы екінші жыл жұмыс жасайды. Мәселен, 2015-2016 оқу жылында Орталық шетелдік жаттықтырушылардың қатысуымен бес семинардың өткізу орнына айналды. Оларға 100-ге жуық, ҚАЕУ, Аманжолов атындағы ШҚМУ, Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Семей МПИ, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқытушылары, А. Пушкин атындағы Облыстық кітапхана,  «AES» АҚ, «ВНИИцветмет» ДГП қызметкерлері қатысты,

Биылғы семинар жұмысына Өскемен ЖОО оқытушылары, қызметкерлері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Зерттеу жобалары менеджменті мен басқарудың негізгі қырларын  тәжірибелі жаттықтырушылар ашып көрсетті.

Тара Митчелл.  Канада азаматшасы, кәсіптік даму бойынша шеберлік сабақтарын даярлап жасап, тәжірибеге енгізді. BritishCouncil-де жеті жылдық жаттықтырушылық жұмыс тәжірибесі бар. Атап айтқанда мына елдерде: Сингапур, Марокко, Танзания, Таиланд,  Малайзия, Египет, Қытай, Бразилия және Уругвайда.

АмосФатокун Нигерияда университетте фармакология бойынша білім алған. Оқуын Глазго Университетінде (Ұлыбритания) жалғастырды. Оны аяқтаған соң әр елдерде, АҚШ, Австралия, Ұлыбританияда әртүрлі компанияларда зерттеу жұмыстарымен айналысты. Қазіргі кезде медицина бойынша  Бредфорд Университетінде (Ұлыбритания) зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оның жұмыстары жетекші халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru