Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Бейбітшілік әлемге

Бейбітшілік жолындағы үдерісте көшбасшылардың рөлі қандай? 

Дөңгелек үстелге қатысушылар американдық серіктестермен сұхбатта осы тақырыпты талқылады, ол «Инновациялық даму: ұлттық басымдықтар және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми конгресстің үшкүндік бағдарламасын  аяқтады. 

Ағылшын тілінде өткенталқылауға,университет пен колледждердің оқытушылары, студенттері, магистранттары, PhD докторанттары және де  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ-нен қонақтар,  мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырысты халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Дэниел Бэлласт ашып, қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.

- Бүгін біз бейбітшілік жайлы айтқанымыз өте маңызды – деп атап көрсетті  дөңгелек үстел модераторы, ҚАЕУ Қамқорлық Кеңесінің төрағасы, «Co-ServeInternational» ұйымының президенті Маршалл Кристенсен. -Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде бейбітшілік үшін жауаптымыз және де әрқайсымыз біздің ғаламшарда орын алып отырған көптеген мәселелерді шешуге оң ықпал жасай аламыз.  

Игі мақсаттарға қол жеткізуде адамдарды қалай біріктіруге болады? Біздің одағымызды нығайтып, біріктіретін басты құндылықтар бар. Қонақжайлық, ашықтық, түсіністік, шыдамдылық.

ҚАЕУ студенті Әйгерім Жомартова  жаһандық мәнмәтінде Қазақстан үшін бейбітшіліктің маңыздылығы жайлы мәлімдеді. Ол тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, ядролық қарусыздану, келісім мен достық жолын таңдаған республика тәжірибесін ашып көрсетті. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарады.

Ағылшын тілінің оқытушысы Ронни МакКей (АҚШ), қонақжайлық туралы айтып, бұл игі қасиеттің адамдарды, олар қай елде тұрмаса да, жақындастыруда қандай рөл атқаратынына тоқталды.  Қазақстанның да бұл тұрғыда өте құнды дәстүрлері бар.

Қауіп-қатер мен жанжалдар қауіпінен құтылу үшін не маңызды? Ашықтық қажет, деп мәлімдеді РикКолсон, АҚШ-нан келген оқытушы. Әлемдегі көптеген қылмыстар ақпараттық ашықтықтың жоқтығынан болып жатады.

Ашықтық түсіністікке әкеледі, деп мәлімдеді ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастық Департаментінің директоры Серік Әбілов. Түсіністік шыдамдылықты  қалыптастырады, деп толықтырды, ҚАЕУ шетел тілдері   кафедрасының меңгерушісі  Юлия Новицкая.

Мәселелерді талқылауды сарапшылар тобы жүргізді, оның құрамында  американдық серіктестермен бірге ҚАЕУ магистранттары мен студенттері  Қанат Сағидолдин, Максим Беляев, Юлия Ларионова, Мария Григорьева жұмыс жасады.

-Өкінішке орай, бейбіт қатар өмір сүру мәселесі бүгінде ең бір өткір мәселе болып қалып отыр,  – деп атап өтті, ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев. – Бір кезде бауырлас болған елдер жанжалдасуда, әлемнің әр түкпірінде террористік әрекеттер белең алуда. Біздің міндетіміз- бүкіл әлемде бейбітшілік орнату және де біз әлемде қашанда бейбітшілік орнауына бар күш жігерімізді жұмсаймыз. 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru