Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Профессор Брайан Янг: бизнес адамгершілік қағидаларда құрылуы тиіс

2016 жылдың 1 қыркүйегінде Өскемен экономика және қаржы колледжінде  «Перри және Янг» компаниясының (Колорадо штаты, АҚШ) ұйымдық даму бөлімінің директоры Брайан Янг  «Бизнес және пайда» тақырыбына «Менеджмент» мамандығының   студенттерімен кезекті рет сабақ өткізді. Кездесуге қатысушылар кәсіпкерліктің, пайда түсірудің, бизнесті ашу, дамыту және  әртараптандырудың (диверсификация) өзекті мәселелерін талқылады. «Компанияның тапсырмасы –мақсаты–аталуы» стратегиясы қызықты мәнмәтінде талқыланды.  

Қайырымдылық мәселелері де ешкімді немқұрайды қалдырмады.   Студенттер оқытушымен бірге қайырымдылық қорларының, табысты белгілі компаниялардың қызметтерін талқылап, бизнес адамгершілік қағидаларда құрылуы тиіс деген қорытындыға келді.

Американдық профессор студенттерге белсенділіктері мен мақсатқа талпынушылықтарына алғысын білдірді. Студенттер, өз кезегінде, Брайан Янгты Ұстаздар күнімен құттықтады, бұған ол өте қуанышты болды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru