ҚАЕУ Президенті мен американдық серіктестер бірінші курстықтармен кездесті

2016 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде ҚАЕУ негізін қалаушы және Президенті, ҚР ҰҒА академигі    Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевтің бірінші курстықтармен дәстүрлі кездесуі болып өтті. Бұл жылғы кездесуге сонымен қатар, университет Қамқорлық Кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен (АҚШ), халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниел Бэлласт (АҚШ), Америкадан келген оқытушылар  және  университет бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кездесу модераторы, академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент Галина Конопьянова  студенттер үшін  кәсіптік және шығармашылық дамудың көлемді бағдарламасының тұсаукесерін жариялады. Бағдарламаға жататындар:

- ағылшын тілін, оның иелерінің нағыз тілдік ортасында  оқып-үйренуге кең мүмкіндер;

- халықаралық бағдарламаларға қатысу және шетелдік компаниялардағы кәсіптік іс-тәжірибелерден өту;

- студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- спорттық өмірдің келешегі;

- гранттар, әлеуметтік жеңілдіктер, дарындылар мен мақсаткерлерді қолдау.

ҚАЕУ вице-президенті Дэниал Бэлласт халықаралық серіктестік келешегі жайлы баяндады. Қамқорлық Кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасына қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Студенттер көптеген сауалдар қойып, оларға жауаптарын алды.