Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-де пікірсайыс болып өтті

2016 жылдың  14 қазанында ҚАЕУ-де студенттердің "ТРИНТА" жеке меншік қоры және  "Зубр" әлеуметтік-корпоративтік қорының өкілдерімен "Этносаралық қатынастар мен Мәңгілік Ел құндылықтарын нығайту" тақырыбына кездесу-пікірсайысы болып өтті.

ҚАЕУ студенттері пікірсайыстың жаңа пішімі – шығармашылық зертханасын кездестірді. Шығармашылық зертхана – бұл әртүрлі ұйымдар мен әлеуметтік топтар өкілдерінің ой-талқы және қоғамдық пікірсайыс негізінде өзекті мәселелерді шешудің нұсқаларын жасауға бағытталған кездесу. Студенттер «Қазақстандықты қандай қасиеттері ерекшелендіреді?», ««Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәні неде?», «Қазақстандық арман қандай?» деген сауалдарға жауаптар берді.

Кездесу барысында, сонымен қатар, халықтың әр санатына аталған идеяларды жеткізу кезінде қолдануға болатын бейнелер талқыланды.     Студенттер көп нәрсені біліп, бірыңғай мақсатқа қол жеткізу үшін бірігіп жұмыс істеуге үйренді.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru