Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ЮНИСЕФ халықаралық үйретуші семинары

IMG-20161024-WA0014

2016 жылдың 12-14қазанында  6М050300 «Психология» мамандығының ҚАЕУ магистранты  Камалиттенов Серік «Құқық» ӘҚ (Астана қаласы) жанындағы «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығының «Жасөспірімдердің заңмен қақтығысында психикалық денсаулығын нығайту мен одан әрі алып жүру жөнінде қызмет көрсетуге мұқтаждықтарын бағалау» атты халықаралық үйретуші семинарына қатысты. Семинарды жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту саласында жұмыс жасайтын ҚР ҮЕҰ,  ювеналдық соттары мен ЖОО мамандарының қатысуымен, ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы, профессор Марко Саркьяпоне өткізді.

Семинар аясында қатысушылар жасөспірімдердің заңмен қақтығысында психикалық денсаулығын нығайту мен одан әрі алып жүру жөнінде қызмет көрсетуге мұқтаждықтарын бағалау, алынған деректерді жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсарту мақсатында оларды алып жүруге, сонымен қатар алынған деректерді жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсарту жөніндегі жұмыс тиімділігін өлшеу үшін пайдалану мәселелерін талқылады. 

Серік Камалиттенов «Заңмен қақтығыстағы балалардың психикалық денсаулығы» атты баяндама жасады, баяндама   семинарға қатысушылардың оң пікіріне ие болды. Осы семинардың бала психологиялық жайлылығы мен денсаулығын дамыту, мүддесін ілгері жылжыту және қызығушылығында  бала құқығын қорғаудағы қосқан үлесін жеке атап өтуге болады. Барлық қатысушылар осы іс-  шара аясындағы ынтымақтастықтың жоғары сапасы мен жемісті жұмысын атап өтті. 

IMG-20161024-WA0015

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru