Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Көптілділік қазіргі заманғы білімнің басымдықтарының бірі ретінде» атты пікірталастар

21.10.2016 жылы қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінде  «Көптілділік қазіргі заманғы білімнің басымдықтарының бірі ретінде: проблемалар мен келешегі»  тақырыбына пікірталастар болып өтті, оған екі команда қатысты: Қазақстан-Американдық еркін университетінің және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің.

ҚАЕУ командасында «Халықаралық қатынастар» мамандығының  1 курс магистранттары Қанат Сағидолдин мен Никита Александров және де «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының  4 курс студенті Наталья Сомова болды.

Ойынның үздік спикері болып Никита Александров танылды.

Ойынның ерекшелігі, оның үш тілде –  қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізілуінде болды.

Турнирдің қазылар алқасы мен ұйымдастырушылары пікірталастардың жақсы деңгейін атап өтіп, командаларға үздік нәтижелерге ұмтылуға тілек білдірді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru