Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АҚШ Мемлекеттік департаменті мен елшілігі өкілдерімен кездесу

2016 жылдың  1 қазанында ҚАЕУ-де АҚШ Мемлекеттік департаменті мен елшілігі өкілдерімен кездесу болып өтті.

ҚАЕУ Президенті Ережеп Мәмбетқазиевтің АҚШ Мемлекеттік департаментінің Америка университеттерінің шетелдік ЖОО-мен серіктесті дамыту жөніндегі үйлестірушісі Ричард Бойумен сұхбаттасуы барысында, ынтымақтастық қорытындылары мен келешегі талқыланды.

АҚШ Мемлекеттік департаментімен ынтымақтастық аясында ҚАЕУ-де ағылшын тілі мамандары Молли Коэнга мен Кэрол Марк жұмыс істеді. Ыңғайласпа серіктестік аясында ҚАЕУ қызметкерлері мен оқытушылары АҚШ ЖОО-да оқып, тағылымдамадан өтті.

Ынтымақтастықтың келешек бағдарламасында:

- ҚАЕУ серіктестік бағдарламасы бойынша, жалпы және арнайы менеджмент, халықаралық құқық,  АҚШ тарихы, ағылшын тілі, халықаралық қатынастар... бойынша мамандарды қабылдауға даяр;

- ҚАЕУ АҚШ ЖОО-мен ынтымақтастықта конференциялар, семинарлар, тренингтер өткізуге, жазғы мектептерге база болуға даяр;

- ҚАЕУ Американдық  Орталық Азиялық қордың стипендиялық бағдарламалары бойынша шетелдік студенттерді магистратура мен докторантураға оқуға қабылдауға даяр;

- ҚАЕУ АҚШ оқытушыларымен ынтымақтастықта ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға даяр.

Серіктестікті дамыту мәселелерін талқылауға, ҚР-ғы АҚШ Елшілігінің мәдениет пен білім мәселелері жөніндегі атташесі Меган Тетрик, елшілік қызметкері Айдана Кеңесбаева, ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Әбілов, «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Юлия Новицкая және басқалары қатысты.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru