Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Оқу сот процестерінің байқауы

2016 жылдың 4 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінің командасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған оқу сотпроцестерінің облыстық байқауында3 орынды иеленді.

Байқауға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің, Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің ( Семей қаласы), «Кайнар» колледжінің, «Құқық және бизнес» колледжінің командалары қатысты.

Оқу сот процесін Семей қаласында «Жас заңгерлер Достастығы» Қоғамдық Қоры, ШҚО судьялар Одағы филиалымен, Шығыс Қазақстан облыстық соттың оқу орталығымен және ШҚО діни істер жөніндегі Басқармасымен бірлесіп  өткізді.

Байқау студенттерге сот процесін жүргізудегі тәжірибелік дағдыларын алу және шешендік сөйлеу өнерін жетілдіру мүмкіндігін берді. «Үздік адвокат» аталымында «Заңтану» мамандығының 4-курс студенті Жұмағалиева Айым жеңімпаз атанды.

ШҚО дін мәселелерін зерттеу Орталығы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің үздік командасын дін саласындағы тәртіп бұзушылықты ескертуге арналған көрнекі сот процесін өткізгені үшін алғыс хатымен атап өтті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru