Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Тәуелсіз Қазақстан» немесе «Біз бірге күштіміз»!

2016 жылдың 5 қарашасында сағат 10:00-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында, Өскемен қаласына «Тәуелсiз Қазақстан» мамандандырылған мерекелік пойызы келді.  Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері, жеті министрлік және Қазақстанның үш ұлттық компания өкілдерінен тұратын  делегацияны салтанатты қарсы алуға белсене қатысты.

Осы сапарды ұйымдастырушылардың өздері хабарлағандай, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы – бұл тұрғындар мен билік арасындағы көпір. Негізгі мақсаты - Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін  көрсету. «Тәуелсіз Қазақстан» 30-дан астам бекетте болады. Делегация міндеті, әртүрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, тұрғындарға дәрігерлік, әлеуметтік,сонымен қатар заң көмегін көрсету болып табылады.

                                                  Курганская Елизавета,  

                          «Журналистика мамандығы», 1 курс

   Фото тілші - Жолдыбаева Амина,

                                                                                                                «Журналистика» мамандығы, 1 курс

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru