Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-нің Омбы Халықаралық БҰҰ-2016 Моделіне қатысуы

2016 жылдың 9 -11 қараша аралығында ҚАЕУ «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенті Ларионова Юлия  Омбы Халықаралық БҰҰ-2016 Моделіне қатысты. Ойын Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті базасында, Омбы қаласындағы РФ СІМ Өкілдігі, Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы Консулдығы, Омбы қалалық Кеңесі және "ОМСК" студенттер қозғалысы қолдауымен өткізілді.

БҰҰ Моделі -  бұл бүкіл әлем бойынша мыңдаған оқушылар және әртүрлі мамандықтар мен факультеттер студенттері қатысатын ойын. Омбы Халықаралық БҰҰ   Моделіне  Иран, Непал, Мексика, Нигерия, ОАР, Қазақстан, Армения, Испания, Словакия, сонымен қатар Ресейдің   15-тен астам қалаларынан студенттер мен  аспиранттар қатысты.

Өздеріне нақтылы елдердің дипломат – делегаттары рөлін алып, Форумға қатысушылар халықаралық сипаттағы мәселелерді ағылшын тілінде талқылап, парламенттің рәсім ережелерін қолдана отырып,  резолюция  жасап шығарады.

«БҰҰ Моделі жұмысына даярлану және қатысу нәтижесінде, - мен өзімнің болашақ кәсіби дипломатиялық қызметіме білім, тәжірибе және дағдылар жинадым», - деп, Юлия алған әсерлерімен бөлісті. Ойын  халықаралық қарым- қатынаста, әлемнің әртүрлі елдерінен жаңа достар табуда, шетел тілдерін білу, зор мүмкіндіктер ашатынын тағы да дәлелдеді.

Барлық қатысушылар ұйымдастырушылардан   сертификаттар алды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru