Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттерінің «Summit G20» іскерлік ойынына қатысуы

2016 жылдың 16 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының  студенттері Овечкин Ярослав пен Рябова Арина  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих факультетінің  60 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Summit G20» үлгісіндегі іскерлік ойынға қатысты.     Үлгі, елдердің әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу мәселелеріне арналды. ҚАЕУ студенттері, әлемдік экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тұжырымдама жасауды ұсынып, АҚШ және Польша президенттері атынан ағылшын тілінде сөйледі.

Барлық қатысушылар ұйымдастырушылардан сертификаттар алды, ал  «Шешендік өнер» аталымында ҚАЕУ «Халықаралық қатынастар» мамандығының екінші курс студенті Овечкин Ярослав үздік болып танылды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru