Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» дөңгелек үстелі

2016 жылдың 16 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университеті «Заңтану» мамандығының студенттері үшін, ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл                   Агенттігі Департаментінің қолдауымен, сыбайлас жемқорлықпен күрес Халықаралық күніне арналған «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел спикерлері ретінде, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік органдар қызметкерлері, ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл                   Агенттігі Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Нәбиев Р.Б., сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро департаменті оперативтік бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Зейнолдин Е.С., сонымен қатар Өскемен қаласы және   Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық бірлестіктері, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдары өкілдері, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының  депутаты, ШҚ қоғамдық кеңесінің мүшесі Чернышов О.В., «Қазақстанның келешегі үшін» Өскемен қалалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Захарова Л.С., «Өскемен қаласы жергілікті өзін өзі басқару Кеңесі» ҚҰ төрағасы  Серік Оразбайұлы  болды.

PhD докторы, «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының  доценті Әлімбаев Қ.О. қатысушыларға арнаған сөзінде, сыбайлас жемқорлық тәртіп бұзушылықтарын болдырмау бағыттарының бірі- жастардың және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының құқықтық мәдениетін және құқықтық санасын қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.

      

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru