Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Қаржылық сауаттылықты арттыру» ашық дәрісі

2016 жылдың 17 қарашасында  Қазақстан-Американдық еркін университетінде шығарылымдық курстардың студенттері үшін қаржылық сауаттылықты арттыру жөнінде ашық дәріс өткізілді. Үлкен қоғамдық науқан «2016-2018жылдарға халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламаларын» жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

Қоғам қайраткері Такеева Қанағат  «Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру» тақырыбына дәріс оқыды. Тақырып аясында жеке қаржылық жоспарлау, өмірдегі ақшаның рөлі, несиелердің түрлері мен шарттары, несиелеу кезіндегі ала аяқтық тәуекелдер және т.б. мәселелер қарастырылды.    

ҚР қор нарығы саласындағы сарапшы Тулепов Бауыржан  тәжірибедегі инфляцияның көрінуі және оның мемлекет экономикасына тигізетін ауыр әсері,  ұлттық валютаның девальвациясы және оларды жою тәсілдері, жоғары инфляция кезіндегі экономикалық субъектілердің өзін ұстауы мәселелерін ашып көрсетті.    

  Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Дәріс оқушылар студенттерді қызықтырған барлық сауалдарына жауап берді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru