Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Д.С. «Деловой Восток» хабарына сұхбат берді

2016 жылдың 12 қарашасында «Бизнес»  кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самарқанқызы  «Қазақстан-Өскемен»  телевизия арнасының «Деловой Восток» хабарына «Рейтинг DoingBusiness» атты тақырыпта сұхбат берді.

Жыл сайын Дүниежүзілік банк талдау жасайды, мұнда әрбір елге бизнес жүргізудің қолайлылық шарттары рейтингісінде тиісті жайғасымы аталады. Рейтингтің DBEconomies жаңғасымы бар, яғни елдің бизнес жүргізудің қолайлылық шарттары рейтингісінде жайғасымы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым осы мемлекетте кәсіпорын ашып және қызмет атқаруға кәсіпкерлік орта жайлырақ болады. Бизнес жүргізудің қолайлылық шарттары рейтингісі бойынша жайғасымы, қайсыбір елдің он бағыт бойынша алдыңғы қатардан әрбір елдің алынған алшақтық көрсеткішінің жиынтық бағасын ретке келтіру арқылы анықталады. Бағыттардың әрқайсысы, индикатор үшін бірдей маңызы бар бірнеше көрсеткіштен тұрады. Рейтингтің 189 жайғасымы бар,  Қазақстан және де ағымдағы жылы 41 жайғасымнан 35 орынға көтерілді, бұл бизнес жүргізу үшін елде барлық жағдайлардың жасалуымен байланысты.

     

Қазақстанда  шағын және орта бизнес тек мемлекеттік қолдау алып қана қоймайды, сонымен қатар бизнес құруға қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл    мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру, тәуекелдерді басқару жүйесіне көшу, өзін өзі реттеу институтын енгізу, рұқсат беру құжаттарының саны екі есеге қысқартылған. Қазақстанда экономиканың өсуінің және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің негізгі локомотиві «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы болды. Оны жүзеге асырудың арқасында бүгінде 126 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, соның ішінде 22,5 мың тұрақты жұмыс орын және 103 мың уақытша.

Бүгінгі күнде Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингісінде өз жайғасымын едәуір жақсартты, оған қоса мейлінше жоғары прогреске қол жеткізген біздің мемлекетімізді,экономиканың топ-10-на енгізді. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru