Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттері ШҚО қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған аудан аралық сотында

2016 жылдың 21 қарашасында «Ашық есік күні» аясында, Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған аудан аралық сотында сот төрағасы Кәсенов Бердіғали Әділханұлымен Қазақстан-Американдық еркін университеті  «Заңтану»  мамандығының 3-4 курс  студенттерінің  кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында сот төрағасы сот жүйесі, қылмыстық сот өндірісін жүргізу тәртібі, сонымен қатар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық сот жұмысының ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берді. Студенттердің сотта кәсіби іс-тәжірибеден өтуі және ҚАЕУ түлектерінің одан әрі жұмыспен қамтылуы жайындағы мәселелер талқыланды. Студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қоюға мүмкіндікке ие болып, оларға толық жауаптар алды.  

Іс-шараның соңында Бердіғали Әділханұлы қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жастарды үнемі заң талаптарын орындауға шақырып, оларға оқуда табыстар тілеп, 2016 жылдың 25 қарашасында болатын ашық сот отырысына шақырды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru