Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қылмыстық құқық жөнінде қонақтық дәріс

2016 жылдың 23 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінде Таулы Алтай мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы) «Қылмыстық, әкімшілік құқығы және процесі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент  Пашаев Халик Парвизовичтің   «ҚР мен РФ қылмыстық заңнамасының салыстырмалы-құқықтық талдауы»  тақырыбына қонақтық дәрісі болып өтті.

 «Заңтану» мамандығының  студенттері және магистранттарымен кездесу барысында, Халик Парвизович  соңғы бес жылда қабылданған РФ мен ҚР қылмыстық заңнамаларындағы өзгерістер туралы айтып берді.

Студенттер дәріскермен тек оқытушы, ғалым ретінде ғана емес, сонымен бірге, құқық қорғау органдарында, оперативті және тергеу бөлімшелерінде 30 жылдан астам тәжірибелік өтілі бар милиция полковникімен сұхбаттасу мүмкіншілігіне ие болды. Сондықтан да дәріс көптеген сауалдар туғызып, «Заңтану»  мамандығы студенттері және магистранттарының тәжірибелік білім алуына көмектесті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru