Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттерінің ШҚО қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында Дөңгелек үстелге қатысуы

 

2016 жылдың 24 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы – КәсеновБердіғалиӘділханұлы, судья, сот кеңсесінің өкілі, сот маманы, прокуратура қызметкері, БАҚ өкілі  және Қазақстан-Американдық еркін университеті  «Заңтану» мамандығының  3-4 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыптары, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларацииясын, сонымен қатар, ҚР Парламентінің Президент есімін астана атауында және басқа да маңызды нысандарда көрсету туралы ұсыныстарын  талқылау болды. ШҚО  медиация рәсімімен байланысты мәселелер қозғалып,  2016 жылдың 21 қарашасындағы жаңа «Судьялардың әдеп кодексін» қабылдау мәселесі ашылып көрсетілді.

Дөңгелек үстел жұмысы аяқталған соң, студенттерге сот ғиамаратында    экскурсия жүргізіліп, оның барысында сот хатшысы мен мамандарының құзыреттері мен міндеттері түсіндірілді.

                                              Сафонова Евгения,  «Заңтану» мамандығының

3 курс студенті

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru