Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚР мүлікті заңдастыру және жекешелендіру мәселелері жөніндегі қонақтық дәріс

2016 жылдың 29 қарашасында  Қазақстан-Американдық еркін университетінде Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Жүніспекова Сәуле Жүсіпқызының «Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша мүлікті заңдастыру және жекешелендірудің өзекті мәселелері» атты дәрісі болып өтті.

Аталмыш қонақтық дәрістің тыңдаушылары «Заңтану»мамандығының    студенттері мен магистранттары болды.

Өткізілген дәріс аясында, қазіргі кезеңдегі мүлікті заңдастыру мен жекешелендіру тетіктеріне қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Дәріскер    Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты барларға  олардың мүліктерін заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңының нормаларына (29.03.2016 жылға ахуалы бойынша өзгертілген толықтырулармен) түсініктемелер берді.

Студенттер мен  магистранттар белсенді түрде қатысып, мүлікті заңдастыру барысында қолданыстағы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесіне байланысты  сауалдар қойды. 

Қонақтық дәріс студенттер мен магистранттарға осы саладағы тәжірибелік білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасады.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru