Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Тұңғыш Президент Күніне

ҚАЕУ Президенті, академик Ережеп Мәмбетқазиев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Күніне арналған салтанатқа қатысты.

Басты салтанатқа өскемендіктер қаланың бас театрына жиналды. Өңір әкімі  Даниал Ахметов құттықтап  сөз сөйледі. 

 - Бізге ұлы замандасымызбен бірге өмір сүріп, жұмыс істеп, тәуелсіз Қазақстан құру құрметі тиді. Барлықтарыңызды Тұңғыш  Президент Күнімен құттықтаймын. Әр отбасына гүлдену, татулық пен келісім тілеймін! –деп атап өтті Даниал Ахметов.

Мейрам үлкен мерекелік концертпен жалғасты.

Осы мереке күні ЕрежепМәмбетқазиевТұңғыш Президент Кітапханасының оқу залының салтанатты ашылуына қатысты. Шығыс Қазақстан  осындай оқу залы ашылған алғашқы облыс болып отыр.

Пушкин атындағы кітапханада өткен іс – шараға, кәсіпорындар, мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, педагогтар, оқырмандар, студенттер қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтау сөз сөйледі.

ҚАЕУ Президенті, академик, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Ережеп Мәмбетқазиев пен «Қазмырыш» ЖШС директоры Андрей Лазаревке ашылу рәсіміндегі лентаны кесу құрметті құқығы берілді.

- Қазақстан халқы біздің Елбасымыздың атымен тұрақты прогрессті және де қоғамның берекесі мен тұрақтылығын, дүниежүзілік аренадағы көпұлтты республикамыздың беделін байланыстырады. – деп атап өтті Ережеп Әлхайырұлы өз сөзінде.

Ережеп Мәмбетқазиевтің кәсіби қызметі Елбасының бастамаларымен, тәуелсіз Қазақстанның мүдделерімен үнемі үйлесімде болды.

Ережеп Әлхайырұлы егемен Қазақстанның алғашқы университетін (ШҚМУ) 1991 жылы Өскемен қаласында ашты, ол Қазақстан тарихындағы ҚазМУ мен ҚарМУ - нен кейінгі үшінші болды. Шығыстағы инновациялар  Қазақстанның бүкіл ЖОО жүйесінің дамуына мықты импульс береді. ШҚМУ тұңғыш ректоры мен бастамашысының реформаторлық белсенділігі  қарқын алып, елде және шетелдерде танымалдыққа ие.  Жаңашылдық Мемлекет Басшысының  назарынан тыс қалмады, оның   Ережеп Мәмбетқазиевті ҚР Білім министрі етіп тағайындаған жарлығы, енді бүкіл Қазақстан көлемінде мерзімі жеткен  реформаларға жол ашты.

Мемлекет Басшының қолдауымен жаңа министр  бүкіл ел көлемінде мерзімі жеткен  реформаларды бастап кетті. Бес облыс орталықтарында (Павлодар, Ақмола, Петропавловск, Талдықорған, Атырауда) өңірлік университеттер қалыптасып,  Еуразиялық Ұлттық университетінің ашылуына бастамашылық жасалып,  президенттік «Болашақ» бағдарламасы, «бакалавр-магистр- PhD докторы», тестілеу енгізіліп, үштілділік негізі қаланып, ЖОО бір министрлікке бірігіп, Қазақстанның Жоғары мектеп Академиясы құрылып, алғашқы жеке меншік ЖОО ашылып, «Қазақстандағы Жоғары білім» журналының шығарылуы басталып, ЖОО «Құрметті ректоры» атағы енгізілді. Реформалар отандық білімді жаңа бәсекеге қабілетті даму деңгейіне        шығарды.

Ережеп Мәмбетқазиев телеарналарға сұхбат берді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru