Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстан және Мальта мемлекеті арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығының басталуы

2016 жылдың 28 және 29 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінде Мелиха қаласындағы (Мальта) ICTQ тіл мектебінің құрылтайшысы, әрі директоры,  экономика ғылымдарының докторы Махмуд Хасан Абдулазиз іскерлік сапармен болды.

Доктор Махмуд Хасан университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен, шетел тілдері кафедрасы оқытушыларымен кездесіп, ынтымақтастықтың мүмкін болатын түрлерін талқылады.

Университет пен колледждер (ЭҚК, ҚАЕУ) студенттерімен кездесу кезінде   доктор М. Хасан өз мектебінің тіл бағдарламаларымен таныстырды, олар енді біздің ЖОО бен колледждеріміздің студенттері үшін қолжетімді болды. 

ҚАЕУ ректоры, PhD докторы   Мәмбетқазиев Айдар Ережепұлымен кездесу нәтижелері бойынша,  ҚАЕУ және ICTQ Malta арасында ағылшын тілін оқыту бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылды.   

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru