Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Өскемен және Семей қалаларының прокуратура қызметкерлері арасындағы «Заң білгірлері» зияткерлік- құқықтық ойыны.

2016 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан-Американдық еркін университеті «Заңтану», «Кеден ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері мен магистранттары ШҚО прокуратурасы ұйымдастырған «Заң білгірлері» зияткерлік ойынында болды.

Зияткерлік ойынына Өскемен және Семей қалалары прокуратураларының командалары қатысты. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша тәжірибелік білімді кеңейтуге, эрудицияны және заңды құрметтеуді көрсетуге мүмкіндік жасады.

Мұндай ойынның үлгісі ретінде «Не?Қайда?Қашан?» бағдарламасы алынды. Ойынға қатысушыларға сауалдарды, Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы  да әзірледі.

 ШҚО прокуратурасы органдарында Қазақстан-Американдық еркін университетінің ондаған түлектері абыройлы қызмет атқарып жүр. Олардың ішінде Қадырбеков Ринат, Әміренов Рүстам, Бердінова Бақыт секілді және басқа да көптеген түлектер бар.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru