Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қозғалыңдар! Және де сау-саламат болыңдар!

Белгілі спорт ғалымы және ұйымдастырушысы Анатолий Құлназаров барлық адамдарға осындай үндеу тастады. Әлі де болса адамның  барлық 800 бұлшық еттерін бір басып қозғалысқа келтіретін кнопка түйме ойлап шығарылған жоқ. 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де біздің танымал жерлесіміз, спортшы және Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт ұйымдастырушысы  Анатолий Құлназаров туралы кітаптың тұсаукесері болды. Шығарма авторы - Совет Иманғалиев, және де бұл оның атақты жерлестеріміз-шығыс қазақстандықтар жайлы жазылған бірінші кітабы емес. Кездесуде ардагерлер, қызметтестері, әріптестері, педагогтар мен студенттер сөз сөйледі, сауалдар мен ұсыныстар да болды.

Бірінші болып Анатолий Құлназаровты ҚАЕУ Президенті, академик Ережеп Мәмбетқазиев құттықтады.

 - Сіздің дене шынықтыру мен спорттың дамуына жасаған және жасап отырған барлық игі істеріңізге рахмет, құрметті Анатолий Қожекенұлы! Міне жарты ғасыр бойы жүгіру жолынан түспей, спорт ғылымында еңбек етіп келе жатқан осы бірегей тұлғаның өмір жолы мен қызметін соншама жарқын ашып көрсеткен кітап авторына рахмет.

Бұдан әрі ҚАЕУ Президенті, мұндай дарынды тұлға– Шығыстың тумасы және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш университеті болу жазған ӨКПИ түлегі екендігінен ерекше қуаныш және мақтаныш сезіміне бөленесің деп атап көрсетті. Кітап беттерін ашып отырып, кейіпкермен бірге туған ауылдан бастап, әлемдік олимпиада ареналарына дейінгі көптеген  спорт жарыстарына қатысушы болып сезінесің.

Анатолий Құлназаров, педагогика ғылымдарының докторы, жеңіл атлетикадан және орта қашықтыққа жүгіруден КСРО спорт шеберлігіне кандидат, ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және мұғалімі… ӨКПИ 1968 жылғы түлегі, өз мансабын дене шынықтырудан мектеп мұғалімінен бастап, одан әрі  аға жаттықтырушы, облыстық БЖСМ директорының орынбасары, пединститут оқытушысы...  1976 жылдан республикалық орта мектеп-интернаты директорының орынбасары қызметінде, Халық ағарту Министрлігінде, туризм, дене шынықтыру мен спорт, білім салаларында жұмыс істеді… Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің бірінші вице-президенті.

Ғылымсыз және дене шынықтыру мен спорт дамуының зерделенген бағдарламасынсыз, салауатты ұлт қалыптасуына, әлемдік деңгейдегі спорт болашағына үміт арту қиын.

Заманауи адам керемет медицинаға тым көп арқа сүйейді де және тиісінше ауруға, әсіресе созылмалы ауруға, жол бермес үшін салауатты өмір салтына аса көп көңіл бөле бермейді. Көп жағдайда атеросклероз, ишемиялық жүрек ауруы, диабет (сусамыр),  семіздік пен өзге де аурулар өмір салтының салдарлары.  Сондықтан да қозғалу, күн, таза ауа мен су біздің ең жақын достарымыз болды және болып қала бермек.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru