ҚАЕУ-2016 дарындары

2016 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «ҚАЕУ 2016 Дарындары» байқау-концерті болып өтті. Іс-шараға  университет және ҚАЕУ колледжі мен ӨК ЭҚК студенттері қатысты.

Байқауға қатысушылар құрамының жалпы саны 27 адамды құрады.  Байқауға 16 нөмір қатысты. Байқау-концертінің жүргізушілері «Менеджмент» мамандығының 1- курс  магистранты Дмитрий Чех және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының  2- курс студенті Темір Ерасыл болды.

Байқау қорытындылары бойынша жеңімпаз атанғандар:

- «Үздік би нөмірі» аталымында- ҚАЕУ колледжінің «A Family» би тобы;

- «Вокал. Жеке дауыста орындау» аталымында -Бүкімбаева Ғалима, ҚАЕУ студенті;

- «Вокал.Топ болып орындау» аталымында - «Sabine» тобы, ҚАЕУ студенттері;

- «Креатив» аталымында - ҚАЕУ колледжінің «Жастарlife» КТК командасы. 

Көрермендердің арнайы жүлдесін ҚАЕУ «Менеджмент»  мамандығының американдық бағдарламасының 2-курс студенті Лабуков Иван иемденді.

 «Мәңгілік ел» аталымында жүлделі орынға «Туған жерім» әнімен 1- курс студенттері Бүкімбаева Ғалима мен Горбатова Арина ие болды. Жүлдені «Өскемен қаласы әкімдігі жастар орталығының» сектор меңгерушісі Махмутов Ерасыл тапсырды.