Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Көптілді білім академиялық жұмылғыштықтың ынталандыру факторы ретінде: еуропалық тәжірибе және Қазақстан

2016 жылдың 6 желтоқсанында Астана қаласында ҚАЕУ халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниель Белласт  және  академииялық мәселелер жөніндегі  вице-президенті Галина Конопьянова «Көптілді  білім академиялық жұмылғыштықтың ынталандыру факторы ретінде: еуропалық тәжірибе және Қазақстан» атты халықаралық семинарға қатысты. Оны Болон үдерісі Орталығымен бірлесіп, ҚР БҒМ жоғары және ЖОО кейінгі білім  Департаменті өткізді.

Семинар аясында үштілділік білімге өтудің негізгі мәселелері мен оның Қазақстандағы академиялық жұмылғыштық  дамуындағы рөлі, сонымен бірге үштілділік білім саласында ғылыми зерттеулер  бірігуінің мәселелері, халықаралық академиялық жұмылғыштық мәнмәтінінде жоғары білімді интернационалдандыру үрдістері қарастырылды.

Семинарға қатысушылар, спикерлердің сөздерін тыңдап және басты мәселелерді талқылап, көптілділік білімді академиялық жұмылғыштықтың ынталандыру факторы ретінде одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар ұсынымдар шығарды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru